Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдық мерейтойына орай Жапонияның Премьер-министрі Фумио Кисида мырза ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға жолдаған құттықтау хаты (26.01.2022)
2022/1/26
Бейресми аударма
Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толу мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Сонымен бірге осы сәтті пайдалана отырып, Қазақстандағы таяуда болған оқиға құрбандары мен олардың отбасыларының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері, екі ел арасы саясат, экономика және адам ресурстарын дамыту секілді кең ауқымды салаларда қарым-қатынастарын нығайтты. Жоғары басшылар деңгейіндегі диалог арқылы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің тұрақты түрде тереңдеп келе жатқанына қуаныштымын.
Үстіміздегі жылы «Орталық Азия + Жапония» Диалогы аясында Сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізу жоспарлануда. Аталған Диалог аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыта аламыз деп үміттенемін.
Жоғары Мәртебелі, Сізге зор денсаулық, табыс және Қазақстан халқына мол бақыт тілеймін.
Рейва дәуірінің 4 жылы /2022 жыл, 26 қаңтар
Жапония Премьер-министрі Фумио Кисида (қолы)
Қазақстан Республикасының Президенті
Жоғары Мәртебелі
Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға