Елшінің сәлемдесу сөзі
2025/1/14

Мен Қазақстандағы Жапония Елшісі ретінде өткен жылдың желтоқсан айының аяғында келдім. Бұл жеті жылдан кейінгі Қазақстандағы екінші мәрте қызмет етуім болмақ. Ресейде 5 рет, жалпы алғанда 12 жыл, одан бөлек Орталық Азияда – Қырғызстан мен Түркіменстанда да еңбек еттім. Әлі де Ресеймен соғыс жағдайындағы Украинада екі жылға жуық қызмет жасап, осы жолы Қазақстанға оралдым.
Жапония мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына міне 30 жылдан асты. Жапония Орталық Азия елдерімен, соның ішінде Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықтан бөлек, аталған елдердің еркін, тәуелсіз және тұрақты дамуын қамтамасыз етуді мақсат тұтқан «Орталық Азия + Жапония» Диалогы аясындағы ынтымақтастыққа бастамашы болды. Қазіргі уақытта АҚШ, Ресей, Қытай, Еуропалық Одақ, Оңтүстік Корея секілді бірқатар елдерде іске асырылып жатқан мұндай ынтымақтастық түрін Жапония бірінші болып 2004 жылы алғаш бастаған болатын. Жапония бұдан кейін де, Қазақстанды қоса алғанда жалпы Орталық Азия елдерінің дамуына үлес қосуды жалғастыра бермек.
Экономикасы жағынан Қазақстан – минералды ресурстарға, соның ішінде Каспий теңізі қайраңында мұнай кен орындарына бай және Орталық Азиядағы ең үлкен экономикалық дамуға қол жеткізген мемлекет. Соңғы кездері Қазақстан ресурстарға шектен тыс тәуелді болмау мақсатында өнеркәсіпті әртараптандыруға және жаңғыртуға ұмтылуда. Жапония мемлекеттік және жеке секторда да Қазақстанның көздеп отырған осы жаңа жолын қолдайды. Еуразияның дәл ортасында орналасқан Қазақстанның Азия мен Еуропаны байланыстыратын логистикалық хабқа айналу мүмкіндігі бар. Жапонияның күшті жақтарын көрсететін озық технологиялардың көмегімен Қазақстанның өршіл мақсаттарына қол жеткізуіне көмектескім келеді.
Қазақстандықтардың жапон жекпе-жек өнері, шай рәсімі, икебана сияқты дәстүрлі мәдениетін терең түсінетіні таңдандырады. Көптеген адамдар аниме, манга және J-POP сияқты заманауи жапон мәдениетіне де үлкен қызығушылық танытады. Осы салаларда жұмыс істейтіндер біздің екі елді байланыстыратын құнды адам ресурсы болып табылады, сол себепті оларға белсенді түрде қолдау көрсететін боламын.
Қазақстанның мәдениеті – көшпенді және жүзден астам ұлттың мәдениеті мен дәстүрінің араласуынан туған бірегей әрі бай мәдениет. Қазақстанның бай тарихын, дәстүрі мен мәдениетін Жапонияға белсенді түрде таныстырып, екі елдің халқы арасындағы өзара түсіністікті дамытуға бар күш-жігерімді салғым келеді.
Жапония мен Қазақстан үшін ортақ қайғылы естелік – ядролық қарудың әсерінен туындаған радиацияның әсері. Семей трагедиясы Жапонияда кеңінен мәлім. Жапония Қазақстанмен, әсіресе, медицина саласында бұрыннан ынтымақтастықта және ядролық қарудың зардабын тартқан ел ретінде де «ядролық қарудан азат әлем» құру жолында тынымсыз күш-жігерін жалғастыра бермек.
Көптеген саладағы екіжақты қарым-қатынастардың тереңдей түсуіне және өзара қызығушылықтың артуына байланысты Жапонияға барғысы келетін Қазақстан азаматтарының саны тұрақты өсіп келеді. Жапонияға келушілер ағыны мен оның көлемін одан әрі арттыру үшін визалық рәсімдерді жеңілдету бағытында жұмыс істеуге ниеттімін.
Қазақстан Үкіметі мен халқына одан әрі дамып, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың нығаюына тілектестігімді білдіремін.
Қысқаша өмірбаяны

2025 ж. 14 қаңтар
Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Ясумаса ИИДЖИМА