Елшінің сәлемдесу сөзі
2021/4/25

Менің есімім Джун ЯМАДА. Жақында Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі ретіндегі миссиямды бастадым.
Жапония мен Қазақстанды берік достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық сезімі байланыстырады. Келесі жылы, Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін бірден орнатылған мемлекеттеріміздің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарымыздың 30 жылдық маңызды белесін атап өтеміз. Осындай тарихи сәтте өзімнің жұмыс жолымды бастау мен үшін үлкен құрмет, бірақ тиісінше мойныма үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын сезінемін.
Әлемдегі барлық ел әртүрлі тарихи, географиялық және мәдени мұраларды иеленетіні сөзсіз және сол негізде барлығы оларды одан әрі дамытуға ұмтылады. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан шынымен де өте бақытты ел – кең аумақ пен түрлі табиғи ресурстарға, сондай-ақ өте бай және көне мәдениетке ие. Жапония мен Қазақстан өздерінің ұлттық мүдделерін өркендетіп қана қоймай, сонымен қатар қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту және тереңдету арқылы адамзаттың жалпы дамуына лайықты үлес қосуға міндетті.
Өткен жүз жылдықта дүниежүзілік соғыстардың нағыз трагедиясы мен ащы сабақтарын екі рет бастан өткерген адамзат қауымдастығы әртүрлі ауытқулар мен сәтсіздіктерге қарамастан, шынайы бейбітшілік пен тұрақты дамуды орнықтыру үшін табандылықпен алға ұмтылуда. Осы мәнмәтінде дәлме-дәл айтқанда, өткен жылдан бергі ғаламдық пандемия бүкіл адамзаттың ақыл-парасатын сынайтын жаңа экзистенциалды қауіп-қатерді тудырып отыр. Бүгін біз өмір сүру үшін маңызды тіпті қауіпті мынандай жол қиылысында тұрмыз: бірінші жол - бізді бүкіл халықаралық құрылымның бірлігі мен интеграциясының жаңа деңгейіне көтеру, ал екіншісі - ежелгі уақыттан бері көрініс тауып келген адамзаттың төзімсіздік танытуы мен варварлық құлдыраудың қайта оралуына жол беру.
Егер Жапония мен Қазақстан барлық ресурстар мен даналықты біріктірсе, онда біз қазіргі қауіп-қатерді жеңу үшін дүниежүзілік қауымдастықтың күш-жігеріне шешуші үлес қоса алатынымыз сөзсіз. Сол үшін, осы тарихи миссия мен өзімізге жүктелген жауапкершілікті түсіне отырып, біздің аса маңызды да құнды екіжақты қатынастарымызды одан әрі дамытуға бар күш-жігерімді салуға толықтай ниеттімін.
Қызмет етуім барысында Қазақстан Үкіметі мен халқы, өздерін осы ұлы елдің болашақ дамуына арнаған біздің отандастарымызбен бірге Елшілігіме ашық кеңестері мен ұсыныстарын жасауды жалғастырады деп үміттенемін.
Өмірбаян (ағылшын тілінде) [PDF](жаңартылды: 2 қыркүйек 2021)

2021 жыл 25 сәуір
Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Джун ЯМАДА